Челлендж "Қазақ есебі"

“Тоғыз ай-9 іс-шара” тұжырымдамасын іске асыру аясында 26 қаңтарда математикалық есептерді шешуге арналған “Қазақ есебі” республикалық челленджінің ашылуына арналған 7-8 сынып оқушыларының салтанатты жиыны өтті. “Математика - бұл сандардағы поэзия”, - дейді академик Асқар Жұмаділдаев.Әрине, математикалық есептерді шешу білім алушыларға ойлауға, модельдеуге, аксиомаларды дәлелдей білуге ықпал етеді. Бұл, сайып келгенде, балаларға қиын өмірлік жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға қызмет етеді.